





Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жаңалыктар

Биыл 9 ақпанда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың (1931–1976) туғанына 90 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен бірқатар іс-шаралар өтеді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев қаладағы модернизациядан өткен Әуезов ауданындағы Қазақстан жазушылары кітапханасы, Алатау ауданында орналасқан №44 көпшілік кітапхана-бөлімшесі, Түрксіб ауданындағы №1 балалар кітапхана-бөлімшесі және №26кһпшілік кітапхана-бөлімшесінде болды. Кітапхана – білім мен ғылымның кені, Һәм сарқылмас саласы. Бұл демалуға, ойлануға, шығармашылықты шыңдауға, еркін пікір алмасуға, таптырмайтын орта. Аталған кітапханаларда кітап қоры да толықты. Және кітапхана оқырмандары әлеуметтік желіні тегін пайдаланып, жаңадан жабдықталған компьютерлерде де шектеусіз жұмыс жасай алады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам бастық. Бұл баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым.», – деген еді. Жамбыл қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіз, еркін елденбіз» атты мерекелік кештің ашылуы өтті. Шараның мақсаты – елге танымал әртүрлі сала иелерін қонаққа шақырып «Елмен бірге қалай өстік?» деген тақырып төңірегінде ой бөлісу, жастардың патриоттық сезімін ояту. Спикерлер : Мыңжылқы Бердіқожаев дәрігер;Әли Оқапов әнші (1991 жылы туған);Данияр Диханбаев тарихшы (бес ЖОО бітірген);Рамазан Амантай жас актер;Бағжан Октябрь виолончелист ;Азамат Байтасов мұғалім;Айдос Ербосынұлы кісіпқой боксшы;Әлихан Байсұлтанов әнші, актер, тележүргізуші. #жамбылкітапханасы#мәдениетбасқармасы#цбсалматы