Іс – шаралар күнтізбесі

KITAP FEST - 2021» кітап фестивалі
Қазан 5, 2021 KITAP FEST - 2021» кітап фестивалі

25 қыркүйекте FORUM сауда ойын-сауық орталығында 10.00-19.00 аралығында Бауыржан қорымен бірге «KITAP FEST» кітап фестивалі өтті. Фестиваль бағдарламасы бойынша өткен іс-шаралар: «Мен кітапханаға жазылдым!» кітапханалар жүйесінің акциясы, «М.Мақатаевтың поэзия әлемі» өлен оқу сайысы, «Балалар кітабы сағаты» кездесуі аясында Ксения Рогожникова мен Елена Клепиковамен «Карантиндік ерлер» кітабын таныстылымы, балаларға арналған «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті» интерактивті ойын-викториналар, «Лифехақтар» авторымен Данияр Жігітбекпен кездесу және тренинг, «Философия сағаты» атақты логопед және «Отбасы хрестоматиясы» кітабын құрастырушы Санжар Керімбаймен кездесу , «Біз Тәуелсіздік құрдасымыз» тәуелсіздікпен құрдас жас және талантты жастармен кездесу.

толығырақ »

Қырқұйек 13, 2021 "Күй анасы Дина" атты кездесу кеші

10 қыркүйек күні «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты» №15 кітапхана – бөлімшесінде Мәдениет саласының үздігі, Қаскелең мәдениет колледжінің директоры Акбасов Саят Қырғызбайұлымен Дина Нұрпейісованың туылғаннана 160 жыл толуына орай "Күй анасы Дина" атты оффлайн кездесу өтті. Республикалық конкурстардың лауреаты бес шәкіртімен  бірге өнер көрсетті.

толығырақ »

Омар Жалелдің
Қырқұйек 13, 2021 Омар Жалелдің "Махаббатсыз дүниедос" кітабының тұсаукесері

10 қыркүйек күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №29 кітапхана - бөлімшесінің  бірлесуімен Парасат жолы жобасы аясында  Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жалелдің "Махаббатсыз дүниедос" кітабының тұсаукесері өтті.

толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қырқұйек 7, 2021 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ"

6 қыркүйек күні «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қ-Ж. Жолдауы бойынша ұжыммен «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты ZOOM жиналысы өтті. Кітапханашылар Жолдауда айтылған негізгі жеті міндеті бойынша: саяси реформалар, цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау, кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселелеріне егжей - тегжейлі талқылады.Сонымен қатар, Жолдауды жүзеге асыру үшін атқарылуы тиіс маңызды жұмыстарды атап өтті.

толығырақ »

Қырқұйек 4, 2021 "Қирғақлар" кітабының тұсаукесері

31 тамыз күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №30 балалар кітапхана - бөлімшесінің  бірлесуімен Парасат жолы жобасы аясында Ақын, ҚР жазушылар Одағы, Ұйғыр әдеби кеңесінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, " Құрмет" орденінің иегері, мемлекеттік стипендияның иегері Мәхсәтова Патигүл Мәсімқызының "Қирғақлар" кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың тұсаукесерін Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы Төрағасының орынбасары, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филилогия ғылымдарының докторы Жақып Бауыржан Өміржанұлы кесті.

толығырақ »

“Жемқорлықсыз әлем-баянды болашақ кепілі” атты онлайн - кездесу
Тамыз 23, 2021 “Жемқорлықсыз әлем-баянды болашақ кепілі” атты онлайн - кездесу

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №4 Кітапхана – бөлімшесінің бірлесуімен Парасат жолы жобасы аясында 20 тамыз күні “Жемқорлықсыз әлем-баянды болашақ кепілі” атты тақырыпта Бүбішхан Тікебаева апамызбен онлайн сұхбат өтті.

толығырақ »

«Дүние таланттар Одағы І» кітабының тұсаукесері
Тамыз 23, 2021 «Дүние таланттар Одағы І» кітабының тұсаукесері

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №29 Кітапхана – бөлімшесінің бірлесуімен Парасат жолы жобасы аясында  19 тамыз күні «Дүние таланттар Одағы І» кітабының тұсаукесері өтті. Халықаралық Дүние таланттары Одағының бұл альманах жинағында  Қазақстан мен түркі тілдес жатқан көрші елдердегі осы аталған одақ мүшелерінің ақын, сазгер, жазушы, суретші аудармашыларының еңбектері жинақталған.

толығырақ »

«Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық айлығы
Тамыз 3, 2021 «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық айлығы

Құрметті Алатау ауданының тұрғындары! «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қалада «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық айлығы басталатынын хабарлаймыз. Біздің ауданның тұрғындары 02-05-ші тамыз аралығында ТЕГІН заңгерлік кеңес ала аласыз. Ең жақсы адвокаттар, кәсіби медиаторлар мен тәжірибелі заңгерлер болады. Консультацияны Оффлайн режимінде Атлетикалық ауыл тұрғын үй кешені, Нұркент ауданы, 5/11 қабат, Алатау ауданы, Алматы қ., «Alatau Creative Hub» телефонынан немесе ОНЛАЙН телефон арқылы алуға болады: +7 701 288 66 99.

толығырақ »

Тамыз 3, 2021 "Жарқын жаз" жобасы Ганди саябағында

Құрметті Алматылықтар! Алмалы ауданы әкімдігі мен Алматы қаласы ОКЖ-сі №4 кітапханасының ұйымдастыруымен Ганди саябағында "Жарқын жаз" жобасы аясында "Буккроссинг" акциясы басталды. Сіздерді қызықты да әсерлі кітаптар әлемінен өзіңізге ұнағанын таңдап алып, саябақта кітап оқуға шақырамыз!

толығырақ »

Тоғысқан тағдырлар» кітабының тұсаукесері
Тамыз 3, 2021 Тоғысқан тағдырлар» кітабының тұсаукесері

Құрметті оқырмандар 28 шілде сәрсенбінің сәтті күнінде, жайма шуақ жаздың ақ таңында, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Салтанат Айбергенованың «Тоғысқан тағдырлар» атты кітабының тұсаукесері атап өтілді. Кеш тамылжыта салған әсем әнмен әрленіп, домбыраның үнімен әлдилеп, кеш қонақтарында, көрермендерді де ерекше керемет күйге бөледі. Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова өзінің таңғажайыпта сыршылдығымен, нәзіктігімен келген қонақтар мен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Кеш өз деңгейінде есте қаларлықтай өтті.

толығырақ »