«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша семинар

 

Қараша 12, 2021

2021 жылғы 9 қараша Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша семинар өтті. Семинарға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Айдарұлы  Майлибаев пен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Роза Қасымбекқызы Кабиева қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы А. Ж. Әбдуәлиев «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 90-тармағын жүзеге асыру туралы баяндамамен сөз сөйледі.

Сондай-ақ, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары К.Қ.Сейітова, Музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Пазылова Гүлзейнеп Анапияқызы, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Ә.Қ.Айтқұлова баяндама жасады.

Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыру туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары Қ.Қ.Жақыпжанова, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық меретойын өткізудің ақпараттық сүйемелденуі туралы баяндамамен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс департаменті директорының м.а. Д.Н.Касенова сөз сөйледі.

 

 

Ұлттық рухани жаңғыру Ұлттық рухани жаңғыру Ұлттық рухани жаңғыру Ұлттық рухани жаңғыру

барлық жаңалыктар »