«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесі

 

Қараша 26, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің негізгі мақсаты – Алматы қаласының архивтік құжаттарды, фотосуреттерді, мұрағаттар мен музейлер жинақтары мен Елбасы Кітапханасының экспонаттарын көрсету арқылы Алматы қаласының Тәуелсіз Қазақстан тағдырындағы орны мен рөлін көрсету.

Көрме үш экспозициядан тұрады:
1. «Тәуелсіздіктің бастауы»
2. «Қазақстандық жол: Алматының 30 жылдағы жетістіктері»
3. «Біздің болашағымыз: Алматы – 2050 Стратегиясы»

Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде 2022 жылғы 28 қаңтарға дейін жұмыс істейтін болады, мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 11.

Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі

барлық жаңалыктар »