Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға беріледі

 

Желтоқсан 10, 2021

9 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Alatau Сreative Hub» ғимаратында, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» басылымдары шығарған қазақ классик ақын – жазушыларының 24 кітап - альбомдарының 2000 - ға жуық данасын Алматы қаласы  Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне сыйға тартты. Оның ішінде үш тілде жарияланған: «Абай», «Үш Арыс», «Олжас Сулейменов», «Шыңғыс Айтматов», «Қалам мен қағаздың махаббаты» және т.б. кітаптар бар.

Іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет, «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы Қазақстан Республикасының өкілі Б.Омаров және осы ұйымның Басқарма басшысы С.Мүләзімоғлы қатысты.

#алматықаласымәдениетбасқармасы

#окжалматы

 

Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға беріледі Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға беріледі Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға беріледі Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға беріледі Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға беріледі Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға беріледі

барлық жаңалыктар »