23-қыркүйек күні Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының ресми парақшасында ҚР Президентінің Жолдауына қолдау білдіру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүрді. Кітапхана қызметкері тікелей эфирде "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдаудың әр тармағына тоқталып, кеңінен ашып, оқырмандарға сауал жолдап, кері байланыс орната білді.
подробнее »Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында Алматы қаласы күніне орай “Алматы - Менің! Сенің! Біздің! Сүйікті қаламыз” атты творчестволық кездесу өтті, шараға ақын Батырхан Сәрсенхан, Ақжол Түменбай, жазушы Әлішер Рахат, суретші Мейрамбек Китанов, әнші Кеңес Әлімжан қатысты !
подробнее »Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен бүгін "Құрмет" орденінің иегері,Алматы қаласы маслихатының депутаты, кәсіпкер, мәдениет жанашыры Қасымов Ерболат Болатұлының "Қазақстан және мен" фотоальбомының таныстырылымы өтті!Фотоальбомда ел тәуелсіздігінен кейінгі Қазақстанның дамуымен біте қайнасқан өмір жолы қамтылған.
подробнее »«Атырау Алтай арасы» жобасының аясында Атыраулық жазушы Бақытгүл Сармекованың «Кейіпкер» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтт!
подробнее »Бүгін Кітапханамызда Башқұртстан және Ресей Жазушылар Одақтарының Мүшесі- Айгиз Баймұхаметовпен онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесуде Айгиз Баймұхаметовтың "Көше балалары","Тастамашы ана" атты шығармаларын қазақ тіліне аударған Саят Қамшыгер де болды.Тікелей эфир барысында оқырмандарымыз сұрақтарына мардымды жауап алып, жылы лебізін білдірді.
подробнее »Отбасы хрестоматиясының кезекті:"Жан Кристоф", " Нелло мен Патраш"және ""Мунхаузеннің басынан кешкен хикаясы" атты кітаптарының таныстырылымы болып өтті. Аталмыш кітаптар 1935-1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп,балалардың тіліне ыңғайлап,ықшамдап оқырмандарымызға ұсынып отыр.Бұл кітаптар көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.
подробнее »Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауына арналған zoom платформасында онлайн-конференция өтті.Аоматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Роза Қасымбекқызы жолдаудың басты бағыттарына тоқталып,жүйенің алдағы жоспарларымен бөлісті.
подробнее »"Sabaq online" онлайн білім беру платформасының негізін қалаушы Бөгенбай Таласұлымен онлайн сұхбат өтті. Сұхбат барысында Бөгенбай Таласұлы онлайн сабақ өтудегі өзінің тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен қатар, оқырмандар қойған қазіргі таңдағы өзекті сұрақтарына жауап берді.
подробнее »Жамбыл кітапханасының инстаграмм парақшасында "Самға" баспасының директоры, "Кітап ал" интернет дүкенінің негізін қалаушы Махмутов Абдулазизбен онлайн сұқбат өтті. Сұқбат барысында қазіргі баспа ісі, интернет дүкендер желісі, кітап саудасында туындайтын мәселелер туралы айтылды.
подробнее »