Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қала бойынша барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады!
подробнее »«Шексіз қала» бағдарламасы аясында кітапхана кеңістігі жаңартылғаннан кейін, 18 ақпанда модернизацияланған №№15,20,24,32,33 кітапхана-филиалдарының ашылуы өтті. Кітапхананың заманауи дизайны бос уақытты пайдалы, ыңғайлы өткізуге мүмкіндік береді және оқырмандардың шығармашылық бірлестіктерінің жұмыстарына, мастер-кластарға, қызықты кездесулерге ыңғайлы алаң болып табылады. Кітапхана пайдаланушыларына пайдалы ақпаратты тез табуға және заманауи технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Балалар мен жас оқырмандар үшін ойындар, демалу және оқу үшін жайлы жағдайлар жасалған. Модернизациядан кейін жаңа кітапханалар тек оқуға арналған орын ғана емес, алматылықтар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыратын, жай демалып, сөйлесе алатын орын бола алады. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №15 кітапхана-филиалы Мекен-жайы: Алматы қаласы, Земнухов к,44 (Воровской к.қиылысы)Байланыс телефоны: 290 73 95Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма: 09.00-20.00Сенбі-Жексенбі: 10.00-19.00
подробнее »«Шексіз қала» бағдарламасы аясында кітапхана кеңістігі жаңартылғаннан кейін, бүгін модернизацияланған 24 кітапхана-филиалының алғашқы тұсаукесері өтті!
подробнее »Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында ақын Дәурен Берікқажыұлының "Ең жылы сөз кешіккен" кітабының таныстырылымы өтті. Кешкі алтыда басталған шараға өлең сүйер қауым көптеп жиналды. Ақынды қолдау мақсатында әдебиет саласының майталмандары, журналистер, өнер саласының үздіктері келді.
подробнее »Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы мен «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Ерболат Табылғанұлы шәкірттерімен бастаған
подробнее »Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана – бөлімшесінде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби – Ұлы Даланың Ұлық тұлғасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел аясында оқу залында «Әл-Фараби түркі әлемінің рухани жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, экран арқылы арнайы ұймдастырылған «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты слайд-презентация, деректі фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының дарынды өнерпаздары Бақытбекқызы Гауһар «Ерен» күйін орындап, Серикова Құндыз «Беу айдай» әнін шырқады, және П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің дарынды өнерпазы Анапия Айжан «Қазақ елі» әнімен сусындатты.
подробнее »В детской библиотеке им. С.Бегалина проведена Литературная гостиная на тему «Вспоминая классиков» - "Дара тұлғаларды еске аламыз".
подробнее »