Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін
12 февраля 2020 Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін

Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін...» атты іс-шара өтті. Көпшілікке портретші ретінде танымал болған ҚР Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, Абай атындағы педагогикалық университеттің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, Жамбыл атындағы, М. Мақатаев атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, суретші Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлымен шығармашылық кездесу өтті. Кешті кітапхананың тұрақты оқырманы Айбол Абашев жүргізді. Қылқалам шебері жастарға сурет өнері жайлы әңгімелеп, өзінің әр шығармасына жеке-жеке тоқталып, сурет өнерінің қыр-сырымен таныстырып өтті. Тоққожа Мұқажанұлы көрерменгекөрсету мақсатында өзінің бірнеше жұмысын ала келген екен. Кездесудің қатысушылары суретшінің қазақ халқының Абай, Жамбыл, Мұқағали, Бердібек Соқпақбаев, Баққожа Мұқай, Сағат Əшімбаев сынды біртуар ұлдарының бейнелерін тамашалап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса авторға алғыс айтып, «Мировая живопись» кітабын сыйлады. Шара соңында оқушылар өнер туындыларын жақыннан тамашалап, автормен естелік фотоға түсті.#окжалматы#цбсалматы#Almaty❤U

подробнее »

«Хәрри Поттер мен пәлсапа тас»
11 февраля 2020 «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас»

"Заманымыздың ең ұлы әдеби туындыларының бірі"

подробнее »

Лайфхактар
11 февраля 2020 Лайфхактар

Өзіңді тану,Шешім қабылдау өнері,,Өзіңмен күрес,Кайдзен,Уақыт,Білім һәм үйрену,Мен кітаппен қалай достастым?

подробнее »

Ғажайып ғұмырбаян
11 февраля 2020 Ғажайып ғұмырбаян

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі С.Бегалин атындағы қалалық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қазақ фольклорлық мұрасын зерттеуші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абай, «Түркі әлеміне сіңірген енбегі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның 80 жылдық меройтойына арналған «Ғажайып ғұмырбаян» атты әдеби кеш өтті.

подробнее »

ЦБС г.Алматы в ЦГДБ им.С.Бегалина прошла встреча с Казахстанской писательницей Р.Абыкаевой.
7 февраля 2020 ЦБС г.Алматы в ЦГДБ им.С.Бегалина прошла встреча с Казахстанской писательницей Р.Абыкаевой.

Гостем мероприятия детская писательница – Абыкаева Рима Филипповна, ответственная за выпуск книг автора – Токкулова С.Т.,Президент Республиканской Федерации футгольфа – Бухарбаев Е.

подробнее »

Атырау Алтай арасы
7 февраля 2020 Атырау Алтай арасы

Адастым да жарық күнде жол таппай,Арт жағыма қарай бердім жалтақтай.Жердің жүзін шарлап кеткім келеді,Жүрегімді қоятұғын жер таппай.Күйбең тірлік батырмайды балына,Сүйген жүрек ең әуелі сор татпай.Оқылмай-ақ тозған көне кітаптай,Отыз жылым өтті зулап сынаптай.Отырғаным мынау енді ой бағып,Сыр мен жырым жанымды үгіп шыдатпай.Бір меже бар Аспан жақта, сол жерге,Өлеңімді апарсам-ау құлатпай.Сабақ алып жаңылысқан кездерден,Қарап алып ішкі түйсік көздермен,Қарсы сұрақ қоятынды шығардым,Қайқы маңдай қаһаныңа кез келген.Ұйықтап кетіп, отыз жаста оянып,Мықтап тұрып сияқтымын өзгерген....Жүрек құрғыр тек сөзінде тұрмайды,«Енді ешқашан сүймеймін!» деп сөз бергенЖамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында ақын Асылзат Арыстанбектің поэзия кеші өтті. Ақынның өлеңдері мен тарихы тыңдаушылардың жүрегінде ерекше орын алды.#окжалматы#цбсалматы#Алматы❤️сені#Almaty❤️U

подробнее »

4 февраля 2020 "Дархан халықтың дана Абайы"

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында "Ұлы Абайға-175 жыл" аясында "Дархан халықтың-дана Абайы" атты іс-шара өтті. Доцент, филология ғылымдарының кандидаты Марат Нұрғазыұлы, өнертанушы-Бердалы Оспан, "Жоғары" медициналық және РЭЦК колледж студенттері мен Ш.Уәлиханов ат. 12 мамандандырылған гимназияның оқушылары, ұстаздары және кітапханашылары қатысты.

подробнее »

Комикс орталығы кітапханада!
4 февраля 2020 Комикс орталығы кітапханада!

Суретпен өрілген әңгімелер XVI-XVII ғасырда Валенсия және Барселонадан бастау алған. ХІХ ғасырда Эпиналда халық бұл өнерді өндіріс көзі етіп алады. Пеллерен фабрикасында 16 ұсақ суреттермен құрасытырлаған 600-ге жуық хикаялар басылып шыққан. Осыдан кейін жекелеген адамдар да өз бетімен суретті хикаяттар жазып, таратқан.

подробнее »

«Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер»
31 января 2020 «Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер»

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №4 кітапхана – бөлімшесінде Ұлы Даланың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бойынша «Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер» атты әдеби конференция ұйымдастырылды. Конференция аясында «Абай – әлемдік ғажайып тұлға» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болып, экраннан виртуалды көрме арқылы Ұлы ақынның ғұмыры мен шығармашылығы туралы құнды ақпараттар берілді. Сондай-ақ, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының дарынды өнерпаздары, кітапхана қызметкерлері мен дарынды оқырмандар қатысқан «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты әдеби-сазды ревюге жалғасты. Салтанатты мерейтойлық мәдени шараны М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының әртісі Бауыржан Манжігітов «Адамзаттың Абайы» атты әдеби-сазды композициямен ашып берді.

подробнее »

31 января 2020 "Адамзаттың Абайы"!

Биыл еліміздегі айтулы шаралардың бірегейі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы!

подробнее »