Кітапханадағы өнер түні
29 октября 2019 Кітапханадағы өнер түні

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастыруымен "Кітапханадағы өнер түні" шарасы жоғары деңгейде өтті!Алматы қаласы әкімінің орынбасарының кеңесшісі Данияр Әлиев, Парламент мәжілісінің депутаты Смирнова Ирина, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері, дәулескер күйші Секен Тұрысбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актриса Гүлнәр Досматова, театр және кино актеры Ерлан Кәрібаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Дәлел Уәш, белгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ұлжан айнақұлова, ақын,жас ақындардың жанашыры, "Әдебиет әлемінің жетекшісі Мұратқан Шоқан, ҚР Жазушылар Одағының төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан, актер Төлепберген Байсақалов, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабек т.б. мәдениет және өнер жанашырлары қатысты.Он төрт алаңда болған кездесу келушілердің ырзашылығын тудырды!

подробнее »

Біздің ғасыр - цитаталар ғасыры
25 октября 2019 Біздің ғасыр - цитаталар ғасыры

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №44 кітапханасында "Мобильді кітапхана" жобасы аясында жас, талантты ақын Тұрсынбек Башармен "Біздің ғасыр - цитаталар ғасыры" атты кездесу кеші өтті.

подробнее »

Ел бірлігі - басты бағдар
23 октября 2019 Ел бірлігі - басты бағдар

Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Ел бірлігі – басты бағдар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі. Дөңгелек үстелге қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері – Геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиясының мүшесі, қоғам қайраткері, Алматыдағы ингуш орталығының бұрынғы төрағасы Султан Оздоев, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы төрағасы Вакиль Набиев, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі Нұрсәуле Альтекова, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, құқық педагогикасының магистрі, отставкадағы полковник Мұхаметжан Әбдібеков және тағы басқалар қатысады. Дөңгелек үстел барысында ұлтаралық келісімділікті нығайту, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен мәртебесі жайлы мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелдің модераторы мәдениеттанушы Бердалы Оспан Қазақстандағы ұлттардың бірлігі мен бірегейлігіне тоқталды. Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері мен қонақтар көп ұлтты Қазақстандағы этносаралық қатынастар жөнінде айтып өтті. Кездесу соңында студенттер қонақтар және ұйымдастырушылармен бірге естелік фотоға түсті

подробнее »

Кітаппен қалай дос болдым?!
19 октября 2019 Кітаппен қалай дос болдым?!

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы кітапханада "Ұлт болашағы - оқитын жастар" жастарға арналған кітап апталығының аясында Кайдзен кеңесшісі Данияр Жігітбекпен кездесу өтті!

подробнее »

Қазақ әдебиетінің хас шеберлері
19 октября 2019 Қазақ әдебиетінің хас шеберлері

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №1, 26 кітапхана-бөлімшелері. Республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтың поэзиясын ел болып оқу мақсатында №59 мектеп-гимназияда «Қазақ әдебиетінің хас шеберлері» атты оқырман конференциясы өтті. Шара барысында 5 «ә» сынып оқушылары Ә.Тәжібаевтың лирикалық жырларын, даналыққа толы дастандары мен 8 «ә» сынып оқушылары Ә.Кекілбаевтың тағылымы мол, өзіне тән ерекше суреткерлікпен жазылған романын талдады. Гимназия мұғалімі, ұлағатты ұстаз Күлбаршын Мырзабекқызы Жабаева басшылық жасады. Оқырман конференциясына жазушы Арасанбай Естен қатысты.

подробнее »

Жолдауға қолдау
18 октября 2019 Жолдауға қолдау

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №4 кітапхана-бөлімшесі мен "Адырна" қоғамдық қоры бірлесе отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл мәдени шараға жазушы, желтоқсан ардагері Ізтілеу Тойшыбайұлы, Республикалық патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев, ұстаз, Желтоқсан ардагері Гүлжамал Кенжалиева, жазушы, Алматы шет тілдері институтының оқытушысы Абдрашит Абдраимов, Мәдениеттанушы ,"Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігінің жауапты хатшысы Бердалы Оспан, Республикалық патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Шолпан Нұрғалиева, Шамалған ауылдық желтоқсаншылар ұйымының төрағасы Құсайын Мамбетрзаев шақырылды. Сондай-ақ Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің, Алматы полиграфиялық колледжінің ұстаздары және студенттері, К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп- интернат колледжінің оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты.

подробнее »

Дала дауылпазы Сәкен Сейфуллин
18 октября 2019 Дала дауылпазы Сәкен Сейфуллин

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында ұлт руханиятының алыбы, қазақтың асқақ рухты, ұлтжанды ақын-жазушысы, композитор, көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфулиннің туғанына 

подробнее »

Арда күз
17 октября 2019 Арда күз

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Наурызбай ауданының кітапханасында ақын, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі, "Ұшқан ұя" атты жыр жинағының авторы Әсел Оспанмен кездезу кеші өтті. Әдеби шығармашылық іс - шараға 174, 188, 200 мектеп - гимназия оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

подробнее »

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов
12 октября 2019 Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар актриса Әмина Өмірзақованы еске алуға арналған"Қазақ" киносының анасы" атты кеш өтті. Кеш қонақтары "Тақиялы періште" фильмінде Тайлақ рөлін сомдап, көрермен көңілінен ойып орын алған Әлімғазы Райымбеков, Қазақстанның халық әртісі, "Парасат" және "Құрмет орденінің иегері Лидия Каденова, "Тайлақтың тақиясы" фильмінің режиссері Құсман Шалабаевтар қазақ анасының символына айналған Әмина Өмірзақованың өнері мен өмірі жайлы әңгіме қозғап, естеліктерімен бөлісті. Өнер саңлағына арналған кешті Әлімғазы Райымбеков ашты.

подробнее »

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №44 кітапханасында 11 қазан күн
11 октября 2019 Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №44 кітапханасында 11 қазан күн

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №44 кітапханасында 11 қазан күні "Мобильді кітапхана" жобасының аясында талантты ақын Мұратхан Шоханмен кездесу кеші болды. Кездесу кешіне ақын сазгер Гүлнәр Шамшиева да келіп, өз өлеңдерін оқып берді.

подробнее »