Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі.

 

20 сентября 2018

«КітапФест-2018» 

8 қыркүйекте «Астана» алаңында Алматы қаласы әкімдігі, «Baurzhan Foundation» қоғамдық қоры және Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «KITAPFEST-2018» халықаралық Кітап фестивалі өтті. Осыған орай Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №4 кітапхана-бөлімшесінің атынан «Сен менің сырласымсың өлең деген» атты әдеби бенефис ұйымдастырылды. Аталмыш бенефиске айтыскер ақын, Қазақстанның мадениет сіңірген қайраткері Серік Акрамұлы Қалиев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманғазы Кәріпжан, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессоры, әнші, сырнайшы Ағайша Исағұлова, ақын, журналист Жарқын Сәленұлы және жас ақын Меруерт Рүстем қатысты. Мәдени шара барысында Серік Қалиев жас ұрпаққа жылы лебізін білдіріп, дәстүрлі ән орындаса, дарынды жастар ағамыздың өлең-жырларын мәнерлеп жатқа оқыды. Ал жас ақын Меруерт Рүстем өзінің жауһар жырларын дүйім жұртқа тарту етсе, ақын қыздың ұстазы Ағайша Исағұлова Меруерттің сөзіне жазылған әнді орындап, әдеби бенефисті қызық думанға бөледі. Ақын Аманғазы Кәріпжан көсіле сөз сөйлеп, қызы Ақерке домбыраның құлағында күмбірлетіп күй тартты. Қала жастары қонақтарызға көкейде жүрген сұрақтарын қойып қана қоймай, жазушылық өнермен қатар өлеңмен өрілген өмір жайлы ой бөлісті. Ал «Өрлеу» шығармашылық орталығының дарынды балалары Балтабаева Асел, Байзақ Омар, Байзақ Абдуллах, Нурадинова Диана, Ғабидолла ұлы Нұрдаулет пен №24 лицейдің оқушылары Қабдрашов Олжас, Мүсілім Медет, Сматова Жания қазақтың ұлы тұлғаларының өлеңдерін шабыттана оқыды. Кітапхананың атынан қонақтарымызға алғыс хаттармен қатар, құнды кітаптар сыйға тартылды. Сондай-ақ «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша қала жастарының арасында сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарды Алматы қалалық «Тоғызқұмалақ» федерациясының президенті Халилов Еркебұлан, Д. Қонаев атындағы қоғамдық қордың директорының орынбасары Байболов Болат құнды кітаптармен марапаттады.


#окжалматы
#цбсалматы

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. №4 кітапхана-бөлімшесі.

все новости новости »