А.П.Чехов атындағы орталық кітапханада белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлымен кездесу өтті.

 

27 ноября 2018

А.П.Чехов атындағы орталық кітапханада белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлымен кездесу өтті. Қырық бес кітаптың авторы, көптеген ғылыми еңбектер жазып, бірнеше кітаптар құрастырған Н.Қапалбекұлы болашақ жастарымызға өзінің әсерлі әңгімелерін айтып, сұрақтарға жауап берді. Кездесуімізді белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыш жүргізді.
Нағашыбек Қапалбекұлы - қазақ әдебиеті мен қазақ мәдениетін насихаттау, ұлттық мұраларымыздың қадір-қасиетін ел санасына жеткізу мақсатында қыруар шаруаларға ұйытқы болып, қайраткерлік танытып жүрген біртуар азамат. Ол - Халықаралық Жамбыл атындағы және республикалық Төле би қорлары сыйлығының лауреаты. Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының және Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қарасай ауылының Құрметті азаматы. Халықаралық Экология академиясының академигі. Д.Қонаев атындағы университеттің профессоры.
Кездесуімізде әдемі әндер орындалды. Әсерлі сұрақтар қойылды. Кездесу соңында жазушы өзінің кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.
Жастар жазушыға арналған кітап көрмесімен де танысты. Ұтымды қойылған сұрақтарға сыйлықтар табыс етілді.
Ел игілігін арттыру жолында шынайы ұлтжандылықтың үлгісін көрсеткен қаламгер әрі қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының еңбегіне жеміс тілейміз.


С уважением.
Библиотека им. Жамбыла

А.П.Чехов атындағы орталық кітапханада белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлымен кездесу өтті. А.П.Чехов атындағы орталық кітапханада белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлымен кездесу өтті. А.П.Чехов атындағы орталық кітапханада белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлымен кездесу өтті.

все новости новости »