Ауғанның - от жалыны

 

21 февраля 2019

А.П. Чехов атындағы қалалық орталық кітапханасында Кеңес әскерелерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанның - от жалыны» атты ауған соғысының ардагері Әлімқұлов Еркінбай Бессатұлымен кездесу-кеші болды. Кездесуге профессор Рузиддинов атындағы Стоматологиялық колледж мен Алматы қаржы-құқық және технология колледжінің студенттері белсене қатысты. Кездесу барысында Еркінбай Бессатұлы,  өзінің басынан кешкен оқиғаларын айтып, студенттер өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, Ауған соғысына арналған өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Кездесу студенттердің жанына азық болатындай жоғары деңгейде өтті.

Ауғанның - от жалыны Ауғанның - от жалыны

все новости новости »