Болашақтың елшісімін!

 

21 февраля 2019

21 ақпанда Қазақстан Жазушылары кітапханасында Әлем Халықтары Жазушылары Одағы ұйымдастыруымен «Болашақтың елшісімін» атты М. Мақатаевты еске алуға арналған әдеби кеш өтті. Іс-шараға Аян Нысаналин, Талғат Айтбаев, Матхан Молдабай, Болат Шарахымбай, Есенәлі Байғали, Салтанат Айбергенова, Жолдыбай Мұзаппаров, Ізтілеу Тойшыбайұлы, Сағат Әлдекенов, Баршын Ізбасар, Перизат Алмазкызы, Ержан Арзықұлов, Мұқан Мамытқанұлы сынды қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеште ақын өмірі мен шығармашылығы жөнінде еркін пікір алмасу болды. Ақындар Мұқағалиға арнаған өлеңдерін, сазгерлер әндерін орындап, аудармашылар Мұқағали өлеңдерінен аудармаларын оқыды. Іс-шараға Жанарыстан Шұғыла, Мәулен Жасмина және Мәулен Жасұлан есімді бүлдіршіндер де қалыспаста белсене қатысып, ақиық ақынның өлеңдерін оқыды.

Болашақтың елшісімін! Болашақтың елшісімін! Болашақтың елшісімін!

все новости новости »