Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз

 

6 марта 2019

Алматы қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі А.П.Чехов атындағы кітапханада осындай тақырыппен әдеби-танымдық шара өткізілді. Бұл бас қосудың құрметті қонағы – күллі қазақ жұртына танымал ақын, кеңестік кезеңде тоқырап тоқтап қалған айтыс өнерін қайта жандандырған қоғам қайраткері Жүрсін Ерман, модераторы – танымал журналист Мұрат Мұқаш болды.

Әдеби-танымдық кешті Жүрсін Молдашұлының жас шәкірті Алтынбек арнаумен ашты. Профессор Рузуддинов атындағы стоматологиялық колледжі мен Қаржы құқық және жаңа технологиялар колледжінің студенттері ақынның өлеңдерін жарыса оқып, әдеби кештің көркін қыздыра түсті. Студенттер мен кітапхана оқырмандары, №147 мектеп гимназияның оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жүрсін аға өз басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, халықтың көңілінен шығып жүрген өлеңдерінің тарихына тоқталып өтті. Кеш соңында Алтынбек Жүрсін Ерманның «Қасымның үйі» деген өлеңіне жазылған әнді орындады. Бұл әннің авторы – айтыскер ақын Серік Қалиев.

Осы кездесуге атсалысқан студенттер ОКЖ директоры Роза Қасымбекқызы Қабиеваның Алғыс хатымен марапатталды.

Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз Ұлтымыздың қазынасы – рухани мұрамыз

все новости новости »