«Наурыз-Шеру – 2019»

 

15 марта 2019

Наурыз-Шеру – 2019Күн мен түн ғана емес, хан мен қара да теңелген қасиетті Наурыз мейрамының Алматыдағы негізгі шараларының бірі – «Наурыз шеруі».
Наурыздың 21-і күні сағат 09 -да шеруге қатысушылар Абай даңғылының бойында Қазақ мемлекеттік циркі алдындағы алаңға жиналып, сағат 10-да ұлттық киім киген қатысушылар дабылдатып, сахналанған көрініспен шеруді бастайды. Арнайы көліктің үстінде Қыдыр Ата мен Жер Ана қатар тұрып, шеруді бастап жүреді.

Шеруге Алматы қаласы мәдениет мекемелері, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері, жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары, саятшы – бүркітшілер мен қазақ тазысын баптаушылар, қала тұрғындары – барлығы 2000-ға тарта адам қатысады.

Абай даңғылымен көш түзеген шеру Абылайхан даңғылымен төмен түседі, Қабанбай батыр көшесінде оңға бұрылып, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрына дейін сән-салтанатымен жүріп өтеді.

Наурыз – қазақи ата дәстүр ұлылығы, Наурыз – халықтың бірлігінің мығымдығы!

Ендеше, халқымыздың дәстүрі мен сән-салтанатын паш ететін мерекелік Шеруді тамашалауға асығыңыз, ағайын!

«Шествие Наурыз – 2019»

В день весеннего равноденствия, когда оживает природа и окружающий мир наполняется красками весны, празднование Наурыза в Алматы начнется с праздничного «Шествия Наурыз». Сбор участников и гостей начнется в 09.00 часов 21 марта на площадке перед Казахским государственным цирком. В 10.00 будет дан старт праздничному шествию.

В рядах костюмированного парада, олицетворяющего дух природы, праздник весны и историю казахского народа примут участие работники организаций культуры, представители национально-культурных центров, студенты и преподаватели ВУЗов, беркутчи, заводчики казахского тазы, горожане – всего около 2000 человек.

Прошествовав по проспекту Абая до проспекта Аблайхана, участники проследует вниз до улицы Кабанбай батыра. Там шествие свернет направо и дойдет до Государственного академического театра оперы и балета им. Абая.

Праздничное грандиозное шествие и красочные мероприятия на площадках Алматы никого не оставят равнодушными. Уважаемые алматинцы и гости города! Спешите насладится прекрасным феерическим зрелищем!

все новости новости »