"Жаңғырған жартастар үн қатады"

 

10 апреля 2019

Қазақстан Жазушылары кітапханасында жазушы, этнограф Байахмет Жұмабайұлы 7 кітабының түсаукесері өтті. «Жаңғырған жартастар үн қатады», «Балбалдар мен кешендер», «Ою өрнек», «Сауда мәдениеті», «Аңсаған арман», «Бұқарбай батыр», «Өшпес есімдер». Кітаптарда көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінің тасқа қашаған бабалар мұрасын, ою-өрнектер, тұрмыс тіршілігіндегі сауда-саттық мәселесі, ерлік пен қаһармандықты баяндайтын Алтай өңірін мекен еткен тарихи тұлғалардың өмірлік жолдары баяндалады.
Ал кешті Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, «Тіл» орталығының жетекшісі Ахетов Мамай Қаниұлы жүргізді. Жаңа кітаптың тұсауын кесу мәртебесі казақтың зиялы қауым өкілдері Ғалым Жайлыбай, Ислам Жеменей, Нұртай Нұрсапа, Нәбижан Мұхаметжан, Нұртілеу Иманғалиұлына берілді. Содан соң келген қонақтар өз ықыластарын білдіріп, тілектерін айта кетті. Тілек білдірушілердің қатарында Қазақтың Алтайы мен Жайығынан, Сарыарқасы мен Оңтүстік баурайынан келген жыр сүйерлер бар. Жазушының кітаптары бойынша Темірхан Сақаұлы Тебегенов, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Досымбек Қатыран, этограф, Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Естенова Айгерім, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Әбдіғапарова Ұлжарқын Мүсілімқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Әнес Ғарифолла, Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті, Сауда мәдениеті» - Ермек Зангиров, журналист, Халықаралық ақпарат академиясының академигі, мемлекет қайраткері баяндама жасады. Жазушының кітаптары қалалық кітапxаналарға және қатушышыларға сыйға тарту етілді.

Жаңғырған жартастар үн қатады Жаңғырған жартастар үн қатады Жаңғырған жартастар үн қатады

все новости новости »