Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті

 

15 апреля 2019

12 сәуірде Қазақстан Жазушылары кітапханасында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 2 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып сөзінде қазақ әдебиетін дамыту, мәдени жауһарларды әлемге танытудын тенденциясына қатысты ойларымен бөлісті. 30 ақын мен 30 жазушының шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, бүгінде қазақ қаламгерлерінің туындылары ағылшын, француз, орыс және испан тілдеріне аударылып, енді қытай және араб тілдеріне тәржімалануда. Екі жинақтан тұратын қазақ әдебиетінің антологиясы кемінде 2,5 млрд оқырманы бар 70 елге тарамақ екенін айтты. Дөңгелек үстел барысында ақын-жазушылар Қуандық Түменбаев, Маралтай Райымбекұлы, Серік Асылбекұлы, Жанғара Дәдебаев, Әбдешев Заманбек, Ермахан Әбдіраман, Пәтигүл Махсатова, Алмас Ахметбекұлы қазақ әдебиетін дамыту, мәдени жауһарларды әлемге танытуды мақсат еткен бағдарламалық жобаларын бойынша, қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциясына қатысты ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапхана оқырмандары НАРХОЗ, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық, Алматы бағалау және құрылыс колледждерінің студенттері өз пікірлерімен бөлісті. Алматы полиграфия колледжінің студенті Айбол Абошев өз шығармашылығынан өлең оқыды. Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса кітап көрмесіне шолу жасап Іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті

все новости новости »