Аққудың үні

 

2 мая 2019

Қазақстан Жазушылар кітапханасында Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ақын, сазгер Гүлнәр Шәмшиеваның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеші өтті. Ақынмен кездесу кешіне қазақтың ақын қыздары Мағиза Құнапияқызы, Үміт Шарипова, әнші Салтанат Жолдыбаева, Сайра Байдуллаева, ардагер ұстаз Раиса Үмбетбаева және тағы да басқа зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шараны кіріспе сөзбен кітапхана меңгерушісі Ағайса Елена ашты. Кешті ақын, Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізіп, көрермендерге ақын жөнінде ұтқұр сөз, орамды ойын ақын шығармаларын ұштастыра отырып тамаша жүргізді. Әсем әнге, жауһар жырға толы кеште қара сөзді қасиет тұтқан ақын өзінің өлеңдерін оқып, тыңдарман жүрегін жырмен тебірентті. «Тамаша күн», «Таң алаулайды, көрдің бе?», «Қызғалданым», «Асыл қазағым», «Хабиб», «Елім, елім», «Жаздың Моцар¬тымын», «Әдеп», «Ал, мен – Періште боп, ұшып жүрдім», «Жаза бер, періштем», «Ей, достым» атты өзінің әндерін домбырада және гитарада орындады. Сондай-ақ, кеш қонақтары да ақынның әсерлі әндерін тыңдарманға тарту етті. №72 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Гүлнар Шәмшиеваның әсем өлеңдерін оқыды. Іс-шараға Авимед медициналық колледжі студенттері және №72 мектеп оқушылары қатысты.

Аққудың үні Аққудың үні Аққудың үні Аққудың үні Аққудың үні

все новости новости »