Әдеби-танымдық кеш

 

21 мая 2019

Жақында Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Ақжолтай» газетінің меншікті тілшісі, ақын, жазушы Бейсен Ахановтың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса қаламгерді 70-жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. . Әлем Халықтары Жазушылар Одағының президенті Қайрат Дүйсенов ақынның өмірбаянымен қатысушыларды таныстырып, Бейбітшілік әлемі және ӘХЖО атынан алғыс хаттар табыс етті. Бейсен Аханов «Шашу», «Қалбатау қызғалдақтары» атты кітаптары жайлы айта отырып, өз шығармашылығынан бірнеше өлеңдер оқыды.Іс-шараға публицист-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Молдағали Матқан, академик, этнограф, жазушы Болат Бопай, жазушы Байахмет Жұмабайұлы, ақын, М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты Зейнолла Тілеужан, ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының және Халықаралық айтыскерлер Одағының мүшесі Аманғазы Кәріпжан, «Адырна» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, мәдениеттанушы Бердалы Оспан, Мұханұлы Шынәділ, ақын, күйші Талап Қараш, «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы Сағидолла Сиқымбайұлы, ІІБ қызметкері, қазір зейнеткер Қалтаева Мағрипа Насиқызы, ақын Дана Жарылқасынқызы, журналист Төрежанов Қаиржан, ақын Раиса Ақанқызы секілді зиялы қауым өкілдері қатысты. Қонақтар мерейтой иесін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

все новости новости »