«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

 

27 мая 2019

Қазақстан Жазушылары кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты  көлемді ашық кітап көрмесі  ұйымдастырылып, қойылған кітаптарға  библиографиялық шолу өтті. «Тарих. Тұлға. Елбасы.», «Тұңғыш мемлекеттің негізін қалаушы», «Елбасының жасампаздық жылдары» атты  бөлімдерден тұратын көрмеге Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, есейіп, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларын, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары ұсынылды.

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

все новости новости »