«Көрісу»

 

28 мая 2019

Жазушылары кітапханасында қазақ халқының «Көрісу» дәстүрін (Амал) Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне еңгізу туралы мәселені талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, этнографтар, мәдениеттанушы, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Публицист-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Молдағали Матқан, академик, этнограф, жазушы, журналист Болат Бопай, жазушы, этнограф-зерттеуші Байахмет Жұмабайұлы, ақын, М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты Зейнолла Тілеужан: «Көрісу» дәстүрінің мазмұнына тереңінен қарасақ бұл өркениеттің бастауы. Халық көктем келіп, қыстан аман-есен шыққанына қуанып, төс қағысып, бір бірінен кешірім сұрап, өсиет айтып, бата беріледі. Ұлттық санамызды жаңғырту негізінде мемлекеттік мереке ретінде қабылдану керек және «Көрісу» атауы басқаларына қарағанда жылырақ, ұтымдырақ деп ойлайтындықтарын айтты. Пікір білдірушілер дәстүрдің Батыс Қазақстан облысындағы тарихымен, жалпы «Көрісу» сөзінің мағыналарымен таныстырды, қалай атап өтілетінін сипаттады. Дәстүрдің тарихи, мәдени және әдеби маңыздылығын түсіндірді. Оның ішінде ұлт ретінде сақталудағы , салт-дәстүр, тіл мен дін, ұлттық сананы айқындаудағы, сонымен қатар халықаралық азаматтық қатынастарда маңызын айтып өтті. Және дәстүрді бұзбай, «Көрісу» мерекесінің атын өзгертпеуін қолдады. Ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының және Халықаралық айтыскерлер Одағының мүшесі Аманғазы Кәріпжан, «Адырна» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, мәдениеттанушы Бердалы Оспан: аталған «Көрісу» дәстүрін Қазақстанның әр түрлі аймақтарында әр түрлі түсіну ерекшеліктері туралы айтты. Батыс Қазақстан облысында «Көрісу» күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылатын, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілеу мерекесі ретінде қабылданса, басқа аймақтарда «Көрісу» деген сөздің «жылап көрісу, қазаға көңіл айтып көрісу» деген сияқты басқаша түсінік беретінін түсіндірді. Егер дәстүр ресми түрде тойланатын болса, атауын «Қауышу» немесе «Жүздесу» деп ауыстыруды ұсынды.

Әлем Халықтары Жазушылар Одағы президенті Қайрат Дүйсенов «Көрісу» дәстүрін қолайтынын, және мерекенің атауы «Амал» болғанын жөн деп есептейтінін айтты.

Дөңгелек үстелдің басқа қатысушылары Мұханұлы Шынәділ, ақын, күйші Талап Қараш, «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы Сағидолла Сиқымбайұлы, ІІБ қызметкері, қазір зейнеткер Қалтаева Мағрипа Насиқызы, ақын Дана Жарылқасынқызы, журналист Төрежанов Қаиржан, ақын Раиса Ақанқызы «Көрісу» дәстүрін мерекелік күндер қатарына еңгізу ұсынысын қолдады.

«Көрісу» «Көрісу»

все новости новости »