«Балғын балалар – біздің болашағымыз»

 

3 июня 2019

Жазушылары кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты әдеби мерекелік іс-шара өтті. «Әрқашан күн сөнбесін» суретшілер көрмесі, «Шебер қолдар – сиқырлы бұйымдар» қөлөнер көрмесі, «Кітап патшалығындағы бақытты балалық» кітап көрмесі,  «Жаздай кітаппен бірге!» кітап жаймасы және асфальқа,  ватманға сурет салу, шахмат байқаулары ұйымдастырыды. Балалар көңілді әндер орындап, би билеп, жұмбақтар шешіп, өлең оқып, қызықты ойындар ойнауға қатысты. Аз қамтылған және көп отбасылы балаларға 7000 тг көлемінде спорттық тауарлар  «Динамо» спорт дүкенінен сатып алуған сертификаттар тапсырылды. Белсене ат салысқан балалар сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды. Соңында барлық балаларға дәстүрлі балмұздақ таратылды. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" Республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесе өткіздік.

«Балғын балалар – біздің болашағымыз» «Балғын балалар – біздің болашағымыз»

все новости новости »