Əлем Халықтары Жазушылар Одағы мен Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапхана-бөлімшесі қазақ руханиятының діңгегі

 

10 августа 2019

Əлем Халықтары Жазушылар Одағы мен Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапхана-бөлімшесі қазақ руханиятының діңгегі, бүгінгі жазба поэзиямыздың негізін салушы, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевқа арналған " Адамның хикмет кеудесі " атты Халықаралық Өнер фестивалін өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап берген Абай оқулары эстафетасы тəуелсіз еліміздің барлық қалаларында жалғасын табуда. Бұл Өнер фестиваліне алыс - жақын туысқан елдерден ақындар, көрнекті қаламгерлер, өнер майталмандары шақырылды. Əділқазылар алқасының құрамында: ақын Болат Шарахымбай, ЮНЕСКО өкілі, академик жазушы - Аль-Халел Қарпық, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұхтар Өтеуов жəне көрнекті қаламгерлер: Байбота Қошым-Ноғай, Аян Нысанəлі, Зейнолла Тəлеужан, Дəулетбек Байтұрсынұлы болды.
Өнер фестиваліне Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Хосият Рустамова, Қырғызстан Жазушылар Одағының мүшелері Өмірбүбі Бегалиева мен талантты қырғыз ақыны Перизат Алмақызы қатысты. Өнер фестиваліне қатысушылар поэзия, проза, музыка мен өнер номинациялары бойынша түрлі музыкалық аспаптарда ойнап өнер көрсетті, Абай өлеңдері мен əндерін орындады.

все новости новости »