Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті

 

4 сентября 2019

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан Халқына жолдауын оқып, талқылады.
«Мәдениет қызметкерлерін қолдау. Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.
Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек.» делінген.
Президенттің мәдениет қызметкерлерін қолдау туралы айтқаны бізге жаңа серпіліс тудырды. Халықтың рухани дамуына ары қарай да өз үлесімізді қоса береміз!

 

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының ПрезидентіАлматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті

все новости новости »