Әлемдік кинематография саласында айтулы киноленталар сюжеттерімен ғана емес, үздік музыкалық композицияларымен де көрермен

 

4 сентября 2019

Әлемдік кинематография саласында айтулы киноленталар сюжеттерімен ғана емес, үздік музыкалық композицияларымен де көрермен көңіліне жол тапқан. Көркем фильмдегі әуендер өз алдына бөлек туынды болғандықтан соңғы жылдары танымал композицияларды іріктеп, тыңдарманға жеке концерт ретінде ұсыну әлемдік музыка кештерінің тәжірибесіне енген. Алматылықтар да бірнеше жылдан бері сондай кештердің куәсі болып келеді. Биыл Х рет ұйымдастырылып отырған «Оркестерлер фестивалі» қыркүйектіктің 4-5-і аралығында көрерменімен қауышады.  Музыка мерекесінің алғашқы күні дирижер Абылай Тілепбергеннің жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі және «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі кешті бастап, қазақ халқының ән-күй өнерінің ең үздік туындыларын ұсынатын болады. Атап айтқанда, Түркештің «Көңіл ашары», Сүгірдің «Ыңғайы төгі» Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйі сынды туындалары орындалса, кештік екінші күні қазақ және кеңес дәуірі мен әлем кинематографиясындағы танымал әуендерге кезек беріледі.  Бұл күнгі кеште Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Абылай Тілепберген жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді. Алматылықтар бұл күні  А Сантанноның «Такси», фильмі мен «Кариб теңізіндегі қарақшылар» фильміне жазылған Ханс Зиммердің композициясын, сондай-ақ «Титаник» фильміндегі Селин Дион орындаған «My Heart Will Go On» әнін тыңдай алады. «Өкіл әке», «Бригада», «Бумер», «Рэкетир» киноларындағы әуендердерге попурри орындалады. «8 миль» фильміндегі А.Глассердің композициясын бэк-вокалдың сүйемелдеуімен Артем Ахмедов, Мейрамгүл Ходжашова орындайды. Жас тыңдарман үшін «Том және Джерри», Алладин, «Алқызыл  қабылан», «Русалочка», «Мадагаскар» анимациялық фильміндегі әуендер орындалмақ. Музыка мерекесі Абай атындағы алаңда кешкі сағат 20-00-де басталады.

Әлемдік кинематография саласында айтулы киноленталар сюжеттерімен ғана емес, үздік музыкалық композицияларымен де көрермен

все новости новости »