2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Жазушылары кітапханасында

 

12 сентября 2019

2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Жазушылары кітапханасында Алматы күні мерекесі аясында «Алматы – кемелденген балашақтың қаласы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаламгерлер, Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері, Алматы сервистік қызмет көрсету колледж студенттері, кітапханашылар, оқырмандар қатысты.

Алматы күніне арналған кітап көрмесінің ашылуы өтіп, шолу жасалды. Алматының даму тарихын көрсететін бейнефильм көрсетілді.
Дөңгелек үстел модераторы – кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса қатысушыларды Алматы күнімен құттықтап, алғысөзімен отырысты бастады. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы Алматының мыңжылдық тарихына тоқталып, «Алматы – Ұлы Жібек жолы бойында» тақырыбында кітап жазып жатқаны жайлы айта кетті. «Алматы көшелері», «Астаналардағы көшелер» атты еңбектердің авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сабит Иманғалиев кітаптарымен таныстырды. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті Жұматай Абылай «Тарих беттеріндегі - Алматы», Маликова Аяжан «Алматы – жасампаздық пен жарқын болашақ кепілі» тақырыбында баяндамалар жасады. Жастар өз шығармашылығынан Алматы туралы өлеңдер оқып, Нарсұлтан Зейнетхан мен Аташ Қыдырәлінің орындауында «Алматы ең алғашқы махаббатым» атты әнімен кеш аяқталды. Белсенді атсалысқан жастар алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Жазушылары кітапханасында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Жазушылары кітапханасында

все новости новости »