П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханасында

 

19 сентября 2019

П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханасында ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай "Ұлт бірлігі - мемелкеттік тілде" атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кештің құрметті қонағы болып белгілі қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры Асылы Осман апамыз бен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға-ғылыми қызметкері Альфия Абдыкенқызы және де Алматы қаржы-құқықтық және технология колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Шарамыз ҚР әнұранымен басталып, Абай Данабектің орындауындағы Құрманғазының "Адай" күйімен жалғасты. Одан әрі қонақтарымыз өз пікірлерін айтып, әр ұлттан құралған колледж студенттері Абай атамыздың өлеңі мен қарасөзінен бастап, М.Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңін оқып, қазақтың мақал-мәтел, салт-дәстүріне кеңінен мағұлмат берді. Соның ішінде Тұсаукесу рәсіміне тоқталып, Асылы апамызға кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кестірді. Кеш көркін төрт қыздан құралған бишілер тобы қыздыра түсті.
Иә, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізіп, рухани азық алдық.
Осымен "Тіл мерекесі" өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіліміздің мәртебесі биік болсын!
#окжалматы
#чеховкітапханасы

все новости новости »