Жолдауға қолдау!

 

28 сентября 2019

Қазақстан Жазушылары кітапханасында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Модератор Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң Академиясы ҚХА кафедрасының меңгерушісі, профессор - Батталханов Болысбек Заманбекұлы президент Жолдауында айтылған маңызды қадамдарға тоқталып, бірқатар маңызды бағытқа баса мән беру керек екендігін атап өтті. Жастар Мемлекет басшысы Жолдауында аталған жастар үшін қарастырылған мүмкіндіктер туралы сөз қозғады. Сондай-ақ басқосу барысында Әуезов, Наурызбай аудандарында орналасқан демалыс орталықтарының қызметкерлері Жолдаудың «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» және «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты басым бағыттары бойынша талқылаулар өткізіп, өз пікірлерімен бөлісті.

Жолдауға қолдау! Жолдауға қолдау! Жолдауға қолдау!

все новости новости »