Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов

 

12 октября 2019

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар актриса Әмина Өмірзақованы еске алуға арналған"Қазақ" киносының анасы" атты кеш өтті. Кеш қонақтары "Тақиялы періште" фильмінде Тайлақ рөлін сомдап, көрермен көңілінен ойып орын алған Әлімғазы Райымбеков, Қазақстанның халық әртісі, "Парасат" және "Құрмет орденінің иегері Лидия Каденова, "Тайлақтың тақиясы" фильмінің режиссері Құсман Шалабаевтар қазақ анасының символына айналған Әмина Өмірзақованың өнері мен өмірі жайлы әңгіме қозғап, естеліктерімен бөлісті. Өнер саңлағына арналған кешті Әлімғазы Райымбеков ашты.

Лидия Каденова өз кезегінде Әмина Өмірзақованың даралығын, даналығын, өнерге деген адалдығы мен тазалығын тіліне тиек етті. Кешке жиналған қауымға Фариза Оңғарсынованың өлеңін тарту етіп, әннен шашу шашты. Кеш барысында "Тақиялы періште" фильмінен үзінділер көрсетіліп отырды. Әмина Өмірзақоваға арналған айтулы шараның қадірлі қонағы болсын деп Әділғазы Райымбековты Талдықорған қаласынан арнайы алып келген Айдар Карбозұлына алғыс айтамыз.

Қазақ өнерін ұлықтаған, қазақ анасының образын көрермен жадына жаттатып кеткен, ақжарқын күлкісімен баурап алатын, талантымен экранға байлап алатын нағыз талант иесін еске алуға арналған кеш әнмен өріліп, күймен көмкерілді. Кеште қозғалған аталы сөз, астарлы әңгіме көрермен есінде ұзақ сақталары хақ. Осы шараның өтуіне атсалысқан Алматы қаржы-құқықтық және технологиялар колледжінің ұстазы Айгүл ханымға, кітапханашыға және белсене қатысқан студенттерге алғыс айтамыз.

 

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов

все новости новости »