Арда күз

 

17 октября 2019

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Наурызбай ауданының кітапханасында ақын, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі, "Ұшқан ұя" атты жыр жинағының авторы Әсел Оспанмен кездезу кеші өтті. Әдеби шығармашылық іс - шараға 174, 188, 200 мектеп - гимназия оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Әдеби кеште ақынның өлеңдері оқылып, әсем әуендер орындалды. Сондай-ақ 200 мектеп - гимназиясының кітапхана меңгерушісі Сәдуақасова Гүлжан ақынға өз арнауын тарту етті.

Ақын Әсел Оспан жас оқырмандар мен кітапханамызға өзінің "Ұшқан ұя"атты жыр - жинағын сыйға тартты.

 

Арда күз

все новости новости »