Дала дауылпазы Сәкен Сейфуллин

 

18 октября 2019

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында ұлт руханиятының алыбы, қазақтың асқақ рухты, ұлтжанды ақын-жазушысы, композитор, көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфулиннің туғанына 

125 жыл толуына байланысты «Дала дауылпазы Сәкен Сейфуллин» атты әдеби әуенді кеш өтті. Аталған іс-шараға «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әбубәкір Қайран қатысты. Ақынға арналған кітап көрмесі қойылды. Кітапхана оқырмандары мен Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 7-11 сынып оқушылары қатысты.
#окжалматы

Дала дауылпазы Сәкен Сейфуллин

все новости новости »