Балалар əдебиетінің мөлдір бұлағы

 

7 ноября 2019

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіні Наурызбай ауданының кітапханасында "Балалар әдебиетінің мөлдір бұлағы" деген атпен елімізге белгілі ақын, балалар әдебиетінің жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Серпер" жастар сыйлығының иегері, Республикалық "Мөлдір бұлақ" журналының бас редакторы Саят Қамшыгермен кездесу кеші өтті. Кешке 200, 174, 176 мектеп - гимназиясының оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Сырлы сұхбатқа толы болған әсері кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Сондай-ақ ақынның жүрекжарды өлеңдері оқылып, әсем әндер шырқалды. Өз кезегінде кеш иесі Саят Қамшыгер жас оқырмандарға ақ тілегін жаудырып, "Мөлдір бұлақ" журналын таратып берді. Ақын Саят Қамшыгер ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсеткен, рухани кешті ұйымдастырып отырған кітапхана ұжымына да өз алғысын білдіріп, "Тастамашы ана" кітабын сыйға тартты.

Балалар əдебиетінің мөлдір бұлағы

все новости новости »