Атырау Алтай арасы

 

7 февраля 2020

Адастым да жарық күнде жол таппай,
Арт жағыма қарай бердім жалтақтай.
Жердің жүзін шарлап кеткім келеді,
Жүрегімді қоятұғын жер таппай.
Күйбең тірлік батырмайды балына,
Сүйген жүрек ең әуелі сор татпай.
Оқылмай-ақ тозған көне кітаптай,
Отыз жылым өтті зулап сынаптай.
Отырғаным мынау енді ой бағып,
Сыр мен жырым жанымды үгіп шыдатпай.
Бір меже бар Аспан жақта, сол жерге,
Өлеңімді апарсам-ау құлатпай.
Сабақ алып жаңылысқан кездерден,
Қарап алып ішкі түйсік көздермен,
Қарсы сұрақ қоятынды шығардым,
Қайқы маңдай қаһаныңа кез келген.
Ұйықтап кетіп, отыз жаста оянып,
Мықтап тұрып сияқтымын өзгерген.
...Жүрек құрғыр тек сөзінде тұрмайды,
«Енді ешқашан сүймеймін!» деп сөз берген
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында ақын Асылзат Арыстанбектің поэзия кеші өтті. Ақынның өлеңдері мен тарихы тыңдаушылардың жүрегінде ерекше орын алды.
#окжалматы
#цбсалматы
#Алматы❤️сені
#Almaty❤️U

Атырау Алтай арасы Атырау Алтай арасы Атырау Алтай арасы

все новости новости »