Ғажайып ғұмырбаян

 

11 февраля 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі С.Бегалин атындағы қалалық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қазақ фольклорлық мұрасын зерттеуші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абай, «Түркі әлеміне сіңірген енбегі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның 80 жылдық меройтойына арналған «Ғажайып ғұмырбаян» атты әдеби кеш өтті.

Балалар жазушының өмірбаянымен танысты, слайд-презентацияны көрді, кітап көрмесінде әдебиет шолуын тыңдады, онда сол кездегі кейіпкердің өмірі мен шығармашылығы, оның шығармалары мен мерзімді баспасөздің мақалаларын тыңдады.

Әдеби кешіміздің қонағы - жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш болды.

Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақтың көрнекті тарихшы мен жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, студенттердің отандық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту.

Ғажайып ғұмырбаян Ғажайып ғұмырбаян

все новости новости »