«Хәрри Поттер мен пәлсапа тас»

 

11 февраля 2020

"Заманымыздың ең ұлы әдеби туындыларының бірі"

Daily Telegraph

Хәрри Поттер − Ұлыбританиялық жазушы Жоан Роулиң жазған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағы.

Әлемнің бірнеше тіліне аударылған шығарма қазақ тілінде жарық көрді!

Поттермандар үшін үлкен жаңалық!

Өткен жұма Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында "Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас" кітабының таныстырылымы өтті.

#Steppeworld баспасымен бірлескен шара өте жоғары деңгейде өтті.
Британдық өкіл Коул Джон арнайы қатысып, пікірін білдірді.
Алматы қаласындағы зиялы қауым өкілдері, журналистер, қаламгерлер де қатысты.
Хәрридің жанкүйерлеріне арнайы квест-ойын ұйымдастырылып, сыйлық үлестірілді.
Кітапсүйер қауым жиналған кештен ғажап әсер алғандар саны өте көп!

Хәрри Поттер мен пәлсапа тас Хәрри Поттер мен пәлсапа тас Хәрри Поттер мен пәлсапа тас Хәрри Поттер мен пәлсапа тас

все новости новости »