Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін

 

12 февраля 2020

Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін...» атты іс-шара өтті. Көпшілікке портретші ретінде танымал болған ҚР Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, Абай атындағы педагогикалық университеттің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, Жамбыл атындағы, М. Мақатаев атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, суретші Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлымен шығармашылық кездесу өтті. Кешті кітапхананың тұрақты оқырманы Айбол Абашев жүргізді. Қылқалам шебері жастарға сурет өнері жайлы әңгімелеп, өзінің әр шығармасына жеке-жеке тоқталып, сурет өнерінің қыр-сырымен таныстырып өтті. Тоққожа Мұқажанұлы көрерменгекөрсету мақсатында өзінің бірнеше жұмысын ала келген екен. Кездесудің қатысушылары суретшінің қазақ халқының Абай, Жамбыл, Мұқағали, Бердібек Соқпақбаев, Баққожа Мұқай, Сағат Əшімбаев сынды біртуар ұлдарының бейнелерін тамашалап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса авторға алғыс айтып, «Мировая живопись» кітабын сыйлады. Шара соңында оқушылар өнер туындыларын жақыннан тамашалап, автормен естелік фотоға түсті.
#окжалматы
#цбсалматы
#Almaty❤U

 

Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін Абай жаққан сәуленің сөнбесі үшін

все новости новости »