Әль-Фараби - Ұлы Даланың Ұлық тұлғасы

 

15 февраля 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана – бөлімшесінде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби – Ұлы Даланың Ұлық тұлғасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел аясында оқу залында «Әл-Фараби түркі әлемінің рухани жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, экран арқылы арнайы ұймдастырылған «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты слайд-презентация, деректі фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының дарынды өнерпаздары Бақытбекқызы Гауһар «Ерен» күйін орындап, Серикова Құндыз «Беу айдай» әнін шырқады, және П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің дарынды өнерпазы Анапия Айжан «Қазақ елі» әнімен сусындатты.

Бұл салтанатты мәдени іс-шараға арнайы: ақын, қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағы сыйлықтарының лауреаты – Аян Нысаналин; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия кафедрасының меңгерушісі, əл-Фараби ғылыми зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор – Жақыпбек Алтайұлы Алтаев; Қазақстан педагогика ғылымдар академиясының академигі, Әлем Халықтар Жазушылар Одағының мүшесі – Сәбит Дүйсебаев; М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторанты – Айнұр Ахметова; Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, «Жас ғалымдар» кеңесінің төрайымы – Малика Темірханқызы Морякова ; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенті Қанат Алтынбеков шақырылды. Сондай-ақ Алматы полиграфия колледжінің, Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің, Қазақстан-Ресей медицина колледжінің студенттері мен ұстаздары, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің және №67 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Әль-Фараби - Ұлы Даланың Ұлық тұлғасы

все новости новости »