"Аңыз - әңгімелер" ЭСТАФЕТАСЫ

 

17 февраля 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы мен «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Ерболат Табылғанұлы шәкірттерімен бастаған 

"Аңыз - әңгімелер" ЭСТАФЕТАСЫ

https://www.instagram.com/p/B8p2R4tH2gC/

Ата бабаларымыз ұрпағын аңыз-әңгіме, ертегі-дастандарымен тәрбиелеген. Анасы баласын бесікте әлдилегеннен, бой жеткенше бойына әдет-ғұрыпты, салт-сананы сіңірте білген. Ата бабасының тарихын атадан балаға жалғап отырған. Аңыз-әңгімелер эстафетасының мақсаты да ел арасында тарихымызды кең насихаттап, халқымызды ұлттық құндылықтарымызға бет бұрғызып, келешек ұрпаққа жалғау.

Эстафетаның негізгі мақсаты:

Қазақ тілін дамыту.

Ұлттық құндылықтарға көңіл аудару.

Ұрпаққа ұлағатты үлгі көрсетіп және патриоттық тәрбие беру.

Күй, жыр, терме сынды фольклорлық құндылықтарымызды басқа қырынан жарнамалау.

Жастардың бойына ізгілік пен әдеп сынды жақсы қасиеттерді сіңіру.

"Аңыз-әңгімелер" эстафетасының шарттары.

Әр қатысушы қазақтың бір аңыз-әңгімесін, тарихи уақиғасын баяндайды.

Әдемі жеткізу, тарихи фактілерді бұрмаламау(артына ұлттық аспаптардың әуенін қосып, әрлесе де болады)

Бұл эстафетаны келесі лайықты досына жолдайды.

#Dombyra2020  хэштегін белгілеу.

#цбсалматы

#окжалматы

#Бегалинка

Қолдап отырайық достар!

Аңыз - әңгімелер ЭСТАФЕТАСЫ

все новости новости »