Ең жылы сөз кешіккен

 

18 февраля 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында ақын Дәурен Берікқажыұлының "Ең жылы сөз кешіккен" кітабының таныстырылымы өтті. Кешкі алтыда басталған шараға өлең сүйер қауым көптеп жиналды. Ақынды қолдау мақсатында әдебиет саласының майталмандары, журналистер, өнер саласының үздіктері келді.

Араға бірнеше жыл салып жарыққа шыққан жыр жинақ көпшіліктің көңілінен шықты. Ақын жанының нәзіктігі, әдебиетке деген тазалығы, қоғамдағы өзекті мәселелерді өткір сынауы көрермендерді бей-жай қалдырмады.

Өлең мен қатар Дәурен Берікқажыұлының сөзіне жазылған әндер де шырқалды. Жиынға келушілер рухани кештен нәр алып, ризашылықпен тарқасты.

Ең жылы сөз кешіккен

все новости новости »