Жаңа бейнедегі кітапханалар!

 

19 февраля 2020

Жаңа бейнедегі кітапханалар!

Қала тұрғындары үшін тың жаңалық!

33 кітапхана-филиалының ашылуы!

«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан 25 кітапхана филиалдарынан тұрады. 2018 жылы Жамбыл атындағы Қалалық жасөспірімдер кітапханасы жаңартылды, онда модернизациядан кейін заманауи оқу орталығы құрылды, күн сайын бес жүзден бастап мыңға дейін келуші бар.

«Шексіз қала» бағдарламасы аясында кітапхана кеңістігі жаңартылғаннан кейін, 18 ақпанда модернизацияланған №№15,20,24,32,33 кітапхана-филиалдарының алғашқы тұсаукесері өтті. Кітапхананың заманауи дизайны бос уақытты пайдалы, ыңғайлы өткізуге мүмкіндік береді және оқырмандардың шығармашылық бірлестіктерінің жұмыстарына, мастер-кластарға, қызықты кездесулерге ыңғайлы алаң болып табылады. Кітапхана пайдаланушыларына пайдалы ақпаратты тез табуға және заманауи технологияларға қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Балалар мен жас оқырмандар үшін ойындар, демалу және оқу үшін жайлы жағдайлар жасалған. Модернизациядан кейін жаңа кітапханалар тек оқуға арналған орын ғана емес, алматылықтар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыратын, жай демалып, сөйлесе алатын орын бола алады.

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №32 кітапхана-филиалы
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы,42б (Қабанбай батыр к.қиылысы)

Байланыс телефоны: 291 47 59
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма: 09.00-20.00
Сенбі-Жексенбі: 10.00-19.00

Жаңа бейнедегі кітапханалар Жаңа бейнедегі кітапханалар Жаңа бейнедегі кітапханалар Жаңа бейнедегі кітапханалар Жаңа бейнедегі кітапханалар Жаңа бейнедегі кітапханалар

все новости новости »