Абай әлемі

 

21 февраля 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қала бойынша барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады!

Бүгін Медеу ауданы әкімдігімен бірлесіп Республика Сарайында Ұлы хакімнің 175 жылдығына орай "Абай әлемі" атты мерекелік кеш өткізді!

Қала тұрғындары үшін ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай әлемдік ғажайып тұлға» атты көрме ұымдастырылды. Көрмеде Хакім Абайдың әр түрлі лирикалар және сатиралық өлеңдері, пейзаждық эскиздері, «Қара сөздері», орыс және шетелдік авторлардың аудармалары ұсынылды.

Сонымен қатар, поэзия әуесқойларына «Поэтикалық микрофон: поэзия - тілдің билеушісі» алаңында «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқырмандары мен танымал ақындар Абайдың өлеңдерін оқыды.

«Абай әлемі» атты музыкалық сағатта Абайдың музыкалық композицияларын тамашалады. Іс-шараға келушілер ойын алаңына «Абайдың шығармаларын білесіз бе?» атты зияткерлік квестке қатысты.

Абай поэзиясын сүйетіндер үшін белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен «Ұлы мұраны сақтау» мастер-классы және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

#окжалматы
#цбсалматы
#Абай175

Абай әлемі Абай әлемі

все новости новости »