Алатаудан Баяным бір аумайды

 

25 февраля 2020

Алматы қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында Ертіс-Баян өңірлерінің қаламгерлерімен кездесу өтті. «Алтай – Атырау арасы» жобасы аясында өткен шара «Алатаудан Баяным бір аумайды» деп аталды. Павлодар өңірінен әдеби толқын ала келген оннан аса делегация мүшелері келушілерге керемет көңіл күй сыйлады. Арнаудан бастау алған кездесу ақындардың өлеңімен әрі әуезді әнмен жалғасты. Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов, ҚР Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының директоры Жарқынбек Амантай бастаған дәстүрлі әнші, ақын, журналст, музей қызметкерлері өкілдерінен құралған топ колледж және университет студенттеріне тұшымды ойларымен қатар сүбеліелі өнерлерін ортаға салды.
Алатауды аңсап келген Тарбағатай таланттарының өнеріне сүйсінген Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ғазиза Құдайбергенқызы алғыс білдіре отырып аздаған сыйын ұсынды. Шараға келушілер кеш қонақтарымен естелікке суреттке түсіп, ерекше әсермен тарқасты.

  Алатаудан Баяным бір аумайдыАлатаудан Баяным бір аумайдыАлатаудан Баяным бір аумайды

все новости новости »