Маған аспанды көрсетші

 

25 февраля 2020


Алматы қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында Мұрат Қабылбаевтың «Маған аспанды көрсетші» атты кітабының таныстырылымы өтті. Аталған кітапты 13 бала тәрбиелеп отырған отбасының балалар тәрбиеленушілерін асырап алу туралы жазылған күнделігі деуге болады.

Мұрат Қабылбаев – 13 баланың әкесі. Оның он екісін балалар үйінен асырып алған. Бүгінде бала мен ата-ана жайлы психологиялық тренингтердің спикері. Айта кетейік автор бұған дейін кітап жазуды ойламаған. Тек фейсбук әлеуметтік желісінде отбасында болып жатқан жайттарды жариялап отырған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін жазбаларды біріктіріп, толықтырып кітап жазу туралы ұсыныс түскеннен кейін ғана кітап жазуды ойға алып, «Маған аспанды көрсетші» атты кітабын жарыққа шығарған.

Аталмыш кітап танстырылымына көптеп адам жиналды. Белгілі психологтар, «Өнеге» қоғамдық қорының жетекшілері келіп өз ойларын ортаға салды. Көрермендер де көкейдегі сұрақтарын қойып, тиісінше жауабын алды.

Өзге түгілі өз баласын өзекке теуіп жатқан жағдайлар кездесетін қоғамда балалар үйінің 12 баласын тәрбиелеп, оларға әкелік махаббатын төгіп жүргенМұрат Қабылбаевты бүгінгі заманның батыры дерсіз. Кездесуді ұйымдастырушылар Қазақстанда балалар үйі болмаса екен деген армандарын алға тартты. Бұл шара келушілерінің де көкейіне қонғанына сенім мол.

все новости новости »