Жетістік деген – ӨРЛЕУ

 

27 февраля 2020

Алматы қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында Шыңғыс Мұқанмен кездесу өтті. «Көшбасшы», «Менеджер» және «Кемел» кітаптарымен қатар «Оқуға тиіс 10 кітап» еңбегінің таныстырылымы өтті. Бұл жиын өзге кездесулерден ерекше өтті. Әңгіме тек кітап төңірегінде болмады. Гарвард университетінің түлегі, бірнеше кітаптың әрі тұлғалық даму онлайн курстарының авторы Шыңғыс Мұқан шараға келушілерге арнайы дайындай келген жетістікке жету жолдары төңірегінде шеберлік сағатын өтті.

Аталған шараға жиналған қауым авордың осы уақытқа дейін оқыған, көрген-білгенінен көкейге түйген білімінің бір бөлшегін ала алды. Интелегенттік және эмоциялық коэффициенттің ара-жігін ажыратып, толық түсіндірген спикер көрерменді таңдай қақтырды. Адам болмысында форма мен контенттің қатар келетіндігін, әрі маңыздысы контент екендігін баса айтты. Яғни, адамның ішкі мазмұны алдыңғы қатарға шығу керек деген ұран тастады.

Шараға келушілер Шыңғыс Мұқанға көкейлеріндегі сауалды қойып, тиісінше жауаптарын алды. Кездесу соңында спикер қатысушылармен естелікке суретке түсіп, ризашылықпен тарқасты.

Жетістік деген – ӨРЛЕУ Жетістік деген – ӨРЛЕУ

все новости новости »