Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...

 

27 февраля 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада бүгін Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойын жалғастыру барысында «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешіміздің қонақтары: филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Абай ғылыми-зерттеу институының атынан Тарақов Әнуар Сауатұлы мен «Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің республикалық газетінің қызметкері Бексұлтан Нұрланұлы.

Әдеби-сазды кешімізді Әнуар Сауатұлы бастап, Абай Құнанбаевтың шығармаларына кеңінен тоқталып өтті. Кешімізге келген №147 гимназия мен №184 жалпы білім беретін орыс мектебінің оқушылары хәкім Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қарасөздерін нақышына келтіре орындады. Әсіресе, № 147 гимназия оқушысы Абдилда Мархабаның оқуындағы «Біреудің кісісі өлсе қаралы бол» өлеңі, Қапел Анельдің орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әні, № 184 жалпы білім беретін мектебінің 5-6 сынып оқушылары Бегішұлы Бекзаттың оқуындағы Абайдың «31 қарасөзі», Ауесхан Жарқынның оқуындағы «Сәулем болса кеудемде ...» өлеңі, Жеңісханов Марленнің орындауындағы «Айттым сәлем, Қаламқас» әні мен 2А сынып оқушысы Мәлік Кәусардың орындауындағы «Өзгеге көңілің тоярсың» әнін орындап, келген қонақтар мен оқушыларға жаңа бір жаңалық ашқандай керемет әсер қалдырды. Ұстаздар өз ризашылықтарын білдіріп, оқушылар рухани азық алып қайтты.

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған... Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...

все новости новости »