Ең керемет тарихшы

 

27 февраля 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі А А.П Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, қазақ руханиятының алып тұлғасы Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің мерейтойына орай "Ең керемет тарихшы" атты дөңгелек үстел болып өтті. Мұхтар Мағауин - алғашқы шығармаларымен-ақ әдеби қауым мен оқырмандардың назарын өзіне аудара білген қаламгер. Чехия Республикасынан жарық көрген "Жармақ" романы - қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған. "Аласапыран" тарихи романы үшін Қазақ КСР-нің Абай атындағы сыйлығына ие болған, Қазақстанның халық жазушысы атанып, Түркияның халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығын иеленген Мұхтар Мағауин туралы келген қонақтарымыз жылы лебіздерін білдірді. Мұхтар Мағауиннің мерейтойына арналған Слайд шоу көрсетіліп, "Ең керемет тарихшы" атты кітап жаймасы көрсетілді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Қамзин Кәкен Хамзаұлы Мұхтар Мұқанұлының шығармаларына кеңінен тоқталып, студенттер мен оқушыларға тарихты білу керектігін баса айтты. Фотожурналист, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің ұстазы Асылхан Әбдірайымұлы да алып тұлғаның жеке қасиеттеріне де, шығармаларына да кеңінен тоқталды. Студенттер Кәкен Хамзаұлына Мағауиннің шығармалары туралы сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері Абылайхан Бақыт пен Мұғира Бектің орындауларындағы "Қайран Алтай, Марқакөл", "Аякөз ару" және т.б.әндері көпшіліктің көңілінен шығып, зал бір серпіліп қалды. Іс-шарамызды әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев Әсет Бейсеуовтің " Аман бол, ағаларым" әнімен аяқтады.

Қайда жүрсеңіз де аман болыңыз, Мұхтар аға!

Ең керемет тарихшы Ең керемет тарихшы

все новости новости »