Абай - адамзаттың ақыны

 

5 марта 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Наурызбай ауданының кітапханасында ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай "Абай - адамзаттың ақыны" атты әдеби кеш ұйымдастырды. Әдеби кешке жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыш, белгілі ақын Мұратхан Шоқан, Жангелді Немеребаев, Салтанат Құмарұлы (Салқұмар) және #200, 174, 188 мектеп - гимназиясының оқушылары мен ұстаздары қатысты. Жақсылық пен ізгілікті өз туындылары арқылы бізге дем беріп жүрген дарынды қаламгерлердің аузынан Абайдың шығармашылығымен, өмірімен, өлеңдерімен таныс болып, ұлы Абайдың әлеміне шолу жасалды. Сонымен қатар Наурызбай ауданы әкімшілігі, мәдениет бөлімінің бас маманы Ержан Хамитхожаев сөз сөйлеп келген қонақтарға өз алғысын білдірді.

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Сондықтан да Абайдың жалынды жыры, жарқын бейнесі бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Абай - адамзаттың ақыны Абай - адамзаттың ақыны

все новости новости »