Өнер тарихы

 

12 июля 2020

1.Өнер тарихы. Гомбрих Э.Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Э.Гомбрихтың "Өнер тарихы"алғашқы 1950ж басылған.Өнер тарихын арналған еңбнктерінің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалынған.

2. Оқыту теориясы. Шунк Дейл Х.
Қазақ тіліне жетінші басылымынан аударылған бұл оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

3. Әдебиет теориясы. Кіріспе.
Кіріспе бүкіл әлемдік әдебиет теориясына қатысты пікірлерді кеңінен қамтыған аңдатпа мен жаттығулар кешенінен тұрады. Оны Майкл Райан жеке өзі жазған. Аталмыш кітап «Орыс формализмі. Жаңа критицизм. Поэтика» деп аталатын тараудан басталып, «Структурализм. Лингвистика. Нарратология», «Феноменология. Қабылдау. Этика», «Постcтруктурализм», «Психоанализ бен психология», «Марксизм және критицизм теориясы», «Тарихи таным», «Этностық таным», «Байырғы халықтық, постотарлық және трансұлттық таным», «Таным. Эмоция. Эволюция. Ғылым», «Жануарлар. Адамдар. Орындар. Заттар» атты тарауларға жүйеленіп баяндалады. Әрбір тараудың шағын теориялық аңдатпасы бар, одан әрі соған сәйкес таңдаулы классикалық шығармалар талданған жаттығулар беріледі.Еңбекте, әсіресе, кіріспе кітапта жалаң идеологияға негізделген құрғақ теория жоқтың қасы, әрбір ой нақты мағлұматтармен дәйектеліп, тиісті көркем шығарма мысалында талданып отырады

4. 100 жаңа оқулық: "Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс Құдайтану баяны", Карен Армстрон
Британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың бұл кітабы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан, дінтанудағы аса көрнекті еңбектің бірі. Кітаптың қазақша басылымы «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» деп аталды.

Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған:

Өнер тарихы

все новости новости »