АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ №33 КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫМЕН ӘНШІ, САЗГЕР, ӘН ӘРЛЕУШІ, «UGAI» ӨНЕР-БІЛІМГЕ ЖЕТІЛДІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ҰШҚЫН ЖАМАЛБЕКПЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ СҰХБАТ ӨТТІ

 

11 ноября 2020

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №33 кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастырылуымен 29.10.2020 сағ 16:00 де «Мен қазақтың баласы...» атты онлайн-кездесу сұхбат өтті. "Мен қазақтың баласы" деп әндеткен оның үні мен әуенін өзгеден айыру қиын емес. Өйткені онда ерекше бояу, өзгеге ұсамайтын әуез бар. Патриоттық әндерін тыңдасаңыз, Алтай мен Атыраудың арасында ұшып жүргендей, ал лирикасына құлақ түрсеңіз, жүрегіңіз бір бүлк етпей қоймайтынына мен кепіл. Әнші, сазгер, ән әрлеуші, «UGAI» өнер-білімге жетілдіру орталығының жетекшісі Ұшқын Жамалбек.

Ұшқын Жамалбекпен өткен кездесуде өзінің жеке шығармашылығы мен «UGAI» өнер-білімге жетілдіру орталығы жайлы айтты. Өнер жолына қалай келгендігін, жастайынан бойына сіңірген қазақ әндерімен сусындап өскенін айта өтті. Кездесу «UGAI» продюсерлік орталығында (студия) өтті. Орталықтың қалай ашылғанын, не себепті «UGAI» деп деп атағанын айта өтті. Сонымен қатар мектеп жас айырмашылығына қарамай жұмыс жасайды.   Ұшқын Жамалбек өзінің репертуарындағы бірнеше әнін көрермендерге тарту етті. Онлайн-сұхбат бір сағат көлемінде болды

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ          №33            КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫМЕН ӘНШІ, САЗГЕР, ӘН ӘРЛЕУШІ, «UGAI» ӨНЕР-БІЛІМГЕ ЖЕТІЛДІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ҰШҚЫН ЖАМАЛБЕКПЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ СҰХБАТ ӨТТІ

все новости новости »