Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ!

 

2 июня 2021

Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігі мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №4 кітапхана-бөлімшесі бірлесіп,  1 маусым күні  Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ» атты балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

Халқымыз «бала-бауыр етің» деп бекер айтпаған.Кейінгі ұрпағына ұлағатты із қалдыруды мұрат еткен ұлтымыздың болмысында бөбектерге деген мейірімділіктің орны бөлек.Сондықтан да айтулы мерекеге арнайы дайындалған түрлі мәдени іс-шараларымыз біздің киелі шаңырағымызда да елеусіз қалған жоқ. Балалық шақ мерекесіне кітапхананың балғын оқырмандары мен ата-аналар, тұрақты шығармашылық әріптестер шақырылды. Мәдени іс-шарамызға қатысуға келген бүлдіршіндеріміздің қарасы мол. 2021 жыл – Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында балалар көрнекті ақын-жазушылар, баспагерлермен, журналисттермен кездесіп,сұхбаттасып, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар аясында пікір алмасып,құттықтаулары мен бірге қолтаңбалалары қойылған керемет кітаптарына ие болды. «Қоғамға масыл емес,асыл болып қосылуға тырысыңдар» деп әдемі де терең мағыналы сөздерімен мерекемізді өрнектеп  жазушы,Қазақстан Журналисттер одағы мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ақ желкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы да сыйлы қонағымыз болды.Ақын,сазгер,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Естенов Арасанбай Жексенбекұлы да балаларға құттықтау тілек айтып, көздерінен от жанған жалынды,білімді бүлдіршіндерімізге, әдеби байқауларға белсене қатысқан жеңімпаздарға  қолтаңбасы қойылған өзінің авторлық кітаптарын тарту етті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,ақын,журналист Әбубәкір Қайран ағамыз бен Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері жазушы,баспагер Қанат Қайым ағамызда жүрек жарды тілектерін жеткізіп,балалардың әдемі мерекесіне қатысты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Семиряночка» ән ансамблінің жетекшісі Марина Гранова өз өнерпаздарымен келіп, мерекемізге ән-шашуларын тарту етті.Бүлдіршіндердің ерекше көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш сыйлаған  Қазақстан Мемлекеттік циркінің директоры Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы мен цирк әртістеріне алғысымыз шексіз.

Арнай шақырылған қонақтар, ата-аналар мен кітапхананың балғын оқырмандары  әсем ән мен жаухар жырлар, күмбірлеген күйлер тыңдап, бүлдіршіндер үшін ұйымдастырылған түрлі әдеби байқаулар мен тосын сыйларға куә болды.Киелі руханият ордасында өткізіліп отырған  бұл - балғын балалық мерекесін «Жаз,кітап және мен-достарымыз!» девизімен өткізіп, сахна төрінде өз өнерлерін көрсетіп, әуезді ән айтып,өлең жолдарымен тербеп, ұлттық би билеп, қасиетті домбыраның үнін естірткен өнерлі балапандарға сыйлыққа берілген кітаптарды жаз бойы оқып бітіруге уәделестік. Біздің бар тілегіміз барлық балалар өздерінің жарқын жаздағы демалысын ата-анасымен бірге қызықты өткізсе дейміз.Алматы қаласы Алмалы ауданының №8 лицейінің ұстазы Кистанова Тамара Алексеевнаның жетешілігімен  балаларға арнап «Жарқын жаз.Радужное лето» атты ғажайып сурет байқауын ұйымдастырып,балалардың жазғы демалыстарын қалай өткізігісі келетініне және керемет ой-қиял,армандарына куә болдық.Байқауда үздік атанған жеңімпаздардыкөрнекті ақын-жазушылар Есей Жеңісұлы мен Арасанбай Естенов  жүлделі І орын,ІІ орын және ІІІ орын дипломдары мен құнды сыйлықтармен марапаттады. Мерекенің қызықты өтуіне ерекше атсалысқан №8 лицейдің директорының орынбасары Галиева Ләззат Бауыржанқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. Мерекемізді ән-шашуларымен әрлеген П.Чайковский атындағы музыка колледжінің дарынды өнерпаздары ұлттық бекзат өнерімізді ұлықтап, қасиетті домбырасымен күмбірлеген әсем күйлер  мен қасиетті сахнаны жандандырған Джумартов Бағжан мен өз өнерімен тәнті еткен Еркінбек Қыдырәлі, Болатбек Мадинаға да үлкен шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз.  Кітапханамыздың білімді жас оқырмандары түрлі әдеби-танымдық байқауларына қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өздерінің білімді екендерін көрсете білді. Арасанбай Естенов ағамыздың «Біздің батыр бабалар» атты кітабі бойынша дайындалған «Батырлар шежіресі» атты электронды тарихи-танымдық викторина арқылы балалар батыр аға-апаларының ерліктері мен олардың мәңгі ұмытылмас есімдерін жатқа айтып қуантты. Балалар өз көңіл-күйлерінің бейнесі көрсетілген түрлі бейнелерде жасырылған «Кім ақылды,кім зерек» атты әдеби байқауда,жасырылған жұмбақтар, мақал-мәтелдер арқылы тапқырлықтары мен ой-ұшқырлықтарын шыңдай түссе, ал «Сиқырлы қоржын» атты тағы бір байқауымызда балалар қоржын ішіне салынған түрлі тәттілердің ішінен жасырылған әдеби сұрақтар мен өлең жолдарын жалғастыра отырып,балдай тәтті тілдерімен дұрыс жауап беріп, тамаша тәттілерді сыйға алды. Қазақ ертегілерінің мерейін үстем етіп, «Ертегі менен,жауап сенен» атты сиқырлы ертігілер әлеміне саяхат жасап, ертігілердің тақырыбы мен жалғасын айтып өздерінің тапқырлықтарын, танымдық білім көкжиектерінің ауқымдылығын көрсетті. Балалар тек қазақ ертегілерімен ғана шектеліп қана қоймай,  орыс және әлем ертегілері мен мәдениетінен қойылған сұрақтарға да дұрыс жауапберіп, өздерінің білімдерінің тереңдігін, білгірліктерін көрсете білді. Мерекемізде балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында түрлі балмұздақтар таратылып, бүлдіршіндердің тағы да бір армандарын орындай алдық.

Шаңырағымызда 1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Балаларға арнайы «Балалар әдебиетінің інжу-маржандары» атты кітап көрмесі, «Сыйлыққа – кітап ал» атты буккросинг ұйымдастырылды. Сондай-ақ, балалық мерекесіне келген ата-аналар мен балалар «Мектеп», «Баянжүрек» баспаларының  жаңа кітаптарымен танысты. Әсіресе балаларды  қорғау мен қатар білімдері мен өнерлерін шыңдай түскен,балалардың жүздеріне бақытты күлкі сыйлап,барлық мүмкіншіліктерді атқарып,ауқымды шарада балдай тәтті балдырғандарға қызыққа толы сый ұсынған кітапхана қызметкерлері мен Иманбаева Сағын Кәденқызының ауыз толтырып айтыр үлесі зор.Білімдерімен шыңдалып, жалындап тұрған, жас-жақсылардың,болашақтарынан зор үміт күттіретін жас өрендеріміздің өнерлері ешкімді бей-жәй қалдырмады.Біз үшін де,балдырғандар үшін де ерекше болған күн.

Әйгерім Бердімұратқызы

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

№4 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері

 

Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ

все новости новости »